19 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY НАДЕЖДА АЛЕКСАНДРОВНАНЫ 70 ЖАСҚА ТОЛҒАН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы Надежда Александровнаны 70 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Сіздің өмірлік және кәсіби жолыңыз – педагогика ғылымын дамытуға, жоғары білім беру саласына және болашақ педагогтерді даярлау ісіне адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Көпжылдық ғылыми-педагогикалық еңбегіңіз, жоғары кәсіби біліктілігіңіз, парасаттылығыңыз бен қажыр-қайратыңыз Сізге әріптестеріңіздің, шәкірттеріңіздің және ғылыми қауымдастықтың зор құрметін әкелді.

Сіз педагогика ғылымының дамуына, ғылыми кадрларды даярлауға және жоғары білім берудің озық дәстүрлерін нығайтуға елеулі үлес қостыңыз. Ғылыми ізденістеріңіз бен идеяларыңыз, мол педагогикалық тәжірибеңіз және жас зерттеушілердің кәсіби дамуына деген шынайы ықыласыңыз ұстаздар мен ғалымдардың жаңа буынына үлгі болып, олардың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына жол ашып келеді.

Сіздің зиялылығыңыз, жан жомарттығыңыз, ақкөңілдігіңіз бен ізеттілігіңіз, өзгелерге қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, жігерлендіре білуіңіз ерекше құрметке лайық. Көптеген әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіз үшін Сіз – беделді ғалым әрі ұлағатты ұстаз ғана емес, парасаттылықтың, адамгершіліктің және таңдаған мамандығына адалдықтың жарқын үлгісісіз.

Осы айтулы мерейтойыңызда Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығын, отбасыңызға амандық пен береке, шығармашылық шабыт тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, жақындарыңыздың ыстық ықыласы мен қамқорлығына, шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп, еселі еңбегіңіздің жемісін көруге деген қуанышқа толы болсын!

Жылдар бойы жинаған тәжірибеңіз бен өмірлік даналығыңыз алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашып, алдағы ғұмырыңыз махаббат пен сыйластыққа, шаттық пен жан жылуына, толағай табыстарға толы болсын!

Құрметті Надежда Александровна, 70 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын! Сізге шынайы құттықтауымызды, еңбегіңізге деген терең ризашылығымызды және ақжарма тілектерімізді жолдаймыз!

Ізгі құрметпен,

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы.