19 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ «ЖАС ҒАЛЫМ – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Amanzholov University-дің «Саясаттану және халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Ирина Смажнова мен Саёра Рахматова «Жас Ғалым – 2026» халықаралық ғылыми-зерттеу мақалалары байқауында жүлделі орындарға ие болды. Ирина Смажнова II орын, ал Саёра Рахматова III орын иеленді.

Байқау Zoom платформасында онлайн форматта өтіп, студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға, жас зерттеушілерді қолдауға және ғылыми идеяларды халықаралық деңгейде таныстыруға бағытталды.

Қатысушылар ғылыми жұмыстарын жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларынан құралған сарапшылар кеңесіне ұсынды. Жұмыстарды бағалау кезінде зерттеудің өзектілігі мен жаңалығы, ғылыми деңгейі, әдіснамасы және практикалық маңызы ескерілді.

Студенттердің ғылыми жетекшісі – Дина Ержанова.

Студенттердің бұл жетістігі олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын және кәсіби тұрғыдан дамуға ұмтылысын көрсетеді.

Amanzholov University Ирина Смажнова мен Саёра Рахматованы лайықты марапаттарымен құттықтап, студенттердің зерттеушілік әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін ғылыми жетекшісі Дина Ержановаға алғыс білдіреді.

Жас зерттеушілерге жаңа ғылыми жаңалықтар ашып, зерттеу жобаларын сәтті жүзеге асыруға және алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!