19 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ АЛТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҒЫЛЫМДЫ МЕДИА АРҚЫЛЫ НАСИХАТТАУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне Алтай мемлекеттік университетінің сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Максим Герасимюк пен ғылыми-білім беру орталығының баспасөз орталығының жетекшісі Ирина Смольянинова келді.

Қонақтар ғылымды медиа арқылы насихаттау, күрделі ғылыми тақырыптарды көпшілікке түсінікті тілде жеткізу, ғылыми жобаларды ақпараттық кеңістікте ілгерілету және Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі ғылыми бастамалардың танымалдығын арттыру тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу кезінде «Үлкен Алтай» жобасы аясында әзірленген ғылыми-танымдық фильм, орталықтың ресми сайты мен виртуалды музейі, «Медиа-Наурыз» байқауы және ғылыми оқиғаларды медиада жариялаудың тиімді үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар археологиялық экспедициялар, жас ғалымдар мектептері мен ғылыми мұраны цифрлық форматта насихаттауға арналған жобалар туралы айтылды.

Кездесу ғылыми зерттеулерді көпшілікке түсінікті етіп ұсыну, ғылыми жобалардың медиа кеңістіктегі ауқымын кеңейту және ғылым коммуникациясы саласындағы тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынды.