20 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «ЗЕРДЕ ДОДА» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ВИКТОРИНАСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты зияткерлік-ағартушылық апталығы аясында «Зерде додасы» интеллектуалды викторинасы өтті.

Зияткерлік сайыстың мақсаты – студенттердің білім көкжиегін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту.

Викторинаға университеттің студенттер үйінен құралған командалар қатысып, өзара білім сайысына түсті. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен ой ұшқырлығын көрсетті.

Викторина қорытындысы бойынша:

1-орын – Brainstorm командасы (3-студенттер үйі) – 3200 ұпай;

2-орын – Number One командасы (1-студенттер үйі) – 2700 ұпай;

3-орын – «Мара және оның достары» командасы (3-студенттер үйі) – 1900 ұпай;

4-орын – Dominants командасы (5-студенттер үйі) – 1400 ұпай.

Зияткерлік сайыс студенттердің білімін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуына және командалық жұмыс дағдыларын дамытуына мүмкіндік берді. Осындай танымдық іс-шаралар жастардың зияткерлік әлеуетін арттырып, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.