21 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға өтінім бере алады.

Бағдарлама аясындағы оқу мерзімдері:

 Оқу кезеңі: 2027 жылғы 4 ақпаннан 4 маусымға дейін;

 Емтихан сессиясы: 2027 жылғы 18 маусымға дейін;

 Практика мерзімі: 2027 жылғы 23 маусымға дейін;

 Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 20 қарашаға дейін.

Серіктес университеттер арасындағы келісімге сәйкес, студенттердің оқу ақысы белгіленеді. Бағдарламаға қатысушылар университет жатақханасына орналастырылады. Тұру шарттары мен ақысы да тараптар арасындағы келісім негізінде айқындалады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу талаптары, қажетті құжаттар тізімі және өтінім беру тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Халықаралық бөліміне хабарласуға болады.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 20 қарашаға дейін жалғасады!