22 қазан 2026


«ДИДАР – 95 ЖЫЛ: ДӘУІР ҮНІ, ЕЛ ТАРИХЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТЕДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Бейбіт Мамраев атындағы ғылыми кітапханасында «Оқуға құштар университет» жобасы аясында «Дидар – 95 жыл: дәуір үні, ел тарихы» атты мерекелік іс-шара өтеді.

Кездесудің мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, баспасөздің қоғам өміріндегі маңызын таныту және өңірлік журналистиканың тарихына құрмет қалыптастыру.

Іс-шараның арнайы қонағы – «ALTAI-NEWS» медиа орталығына қарасты «DIDAR» газетінің тілшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Дәурен Аллаберген.

Мерекелік кешке университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері мен қызметкерлері қатысады.

Өтетін күні: 23 қазан

Уақыты: 11:00

Өтетін орны: № 1 оқу ғимараты, коворкинг залы.