22 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ №17 МЕКТЕПТІҢ 40 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің атынан Басқарма мүшесі – тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанетта Калимолдина Мұхтар Әуезов атындағы №17 орта мектептің 40 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Мерекелік жиында Жанетта Калимолдина мектептің педагогикалық ұжымын айтулы мерейтойымен құттықтап, өскелең ұрпаққа тәрбие беру, білім беру саласын дамыту және қоғамның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру жолындағы ұстаздардың көпжылдық еңбегінің маңызын атап өтті.

Ізет пен құрметтің белгісі ретінде мектеп ұжымына Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Гүлжан Жарасованың құттықтау хаты табысталды.

Білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ізгі дәстүрлер сабақтастығын сақтау және кәсіби байланыстарды дамыту білім беру жүйесін жетілдіруге әрі жастар тәрбиесіне зор үлес қосады.

Amanzholov University Мұхтар Әуезов атындағы №17 орта мектептің ұжымын 40 жылдық мерейтойымен құттықтайды! Барша ұстаздарға зор денсаулық, амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Өскелең ұрпақ тәрбиесі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!