22 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY № 48 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫН РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күні қарсаңында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Басқарма төрағасы – ректордың атынан Өскемен қаласындағы № 48 мектеп-қосымша білім беру орталығының директоры Чинар Тылегенқызы Мажинованы құттықтады.

Кездесу барысында мектеп директорының атына ұлттық мерекеге орай жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, туған елдің тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға баулуда педагогтердің алатын орны ерекше екені атап өтілді.

Республика күні – Қазақстанның тәуелсіздігін, ел бірлігін және өркендеуге деген ұмтылысын айшықтайтын маңызды мереке. Ал білім беру саласы қызметкерлерінің ел болашағы үшін лайықты азаматтарды тәрбиелеуге қосатын үлесі ұлттық құндылықтарды сақтауда және келер ұрпақтың қалыптасуында айрықша маңызға ие.

Amanzholov University № 48 мектеп-қосымша білім беру орталығының ұжымын Республика күнімен құттықтайды! Мықты денсаулық, амандық, кәсіби табыс, жаңа жетістіктер және отандық білім беру саласын дамыту мен Қазақстанның жарқын болашағы жолындағы жемісті еңбек тілейміз!