23 қазан 2026


«ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМ КӨЗІМЕН» АТТЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРАҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері мен оқытушыларын Республика күніне орай ұйымдастырылатын «Қазақстан әлем көзімен» атты мәдени іс-шараға шақырамыз!

Іс-шара бағдарламасында түрлі елдердің мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған таныстырылымдар, интерактивті ойындар, музыкалық қойылымдар және халықаралық достықты нығайтатын қызықты кездесулер ұсынылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 23 қазан

Уақыты: сағат 16:00

Өтетін орны: № 1 оқу ғимараты, Coworking Centre

Мекенжайы: 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 36.

Баршаңызды мәдениеттер тоғысатын, достық пен өзара түсіністік салтанат құратын мерекелік іс-шараға қатысуға шақырамыз!