23 қазан 2026


SI CINEMA LAB: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕГІМЕН ӨЗ ФИЛЬМІҢДІ ЖАСА

Өскемен қаласының 16 мен 25 жас аралығындағы жастары жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, бейнероликтер жасауға арналған SI Cinema Lab білім беру бағдарламасына қатысуға шақырылады.

Бағдарлама қатысушылары заманауи бейнежасау құралдарын меңгеріп, шығармашылық идеяларын қысқаметражды оқиғалар форматында жүзеге асыруды үйренеді. Сонымен қатар ұзақтығы 60–90 секунд болатын жеке бейнероликтерін дайындай алады. Жасанды интеллектпен жұмыс істеу бойынша алдын ала тәжірибенің болуы міндетті емес. Ең бастысы — жаңа білім алуға деген қызығушылық пен шығармашылық ізденіске дайын болу.

Жобаларды іріктеу

Оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін қатысушылардың жұмыстары Өскемен қаласында алдын ала іріктеуден өтеді. Үздік жобалар Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысатын үміткерлер арасынан жеңімпаздарды анықтау мақсатында қорытынды көрсетілім мен іріктеуге қатысу үшін Астана қаласына жіберіледі.

Қатысу шарттары:

  • Қатысушылардың жасы — 16-дан 25 жасқа дейін қоса алғанда.

  • Бағдарламаға қатысу тегін.

  • Жеке ноутбуктің болуы міндетті.

  • Бағдарламаның басталу күні — алдын ала жоспар бойынша 16 қараша.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 102, А. С. Пушкин атындағы кітапхана, Office Makerspace.

Қалай қатысуға болады?

Бағдарламаға қатысу үшін WhatsApp тобына қосылып, Google Forms арқылы тіркеу сауалнамасын міндетті түрде толтыру қажет.

WhatsApp тобына сілтеме: https://chat.whatsapp.com/FivA8WOrRO92pkfl8jp9sD

Instagram: @american_corner_oskemen

SI Cinema Lab — жаңа цифрлық құралдарды меңгеруге, шығармашылық әлеуетті дамытуға және жасанды интеллект көмегімен өз идеяңды фильм форматына айналдыруға мүмкіндік беретін бірегей жоба.