27 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру және оның қоғам өміріндегі маңызын талқылау мақсатында ашық сұхбат өтті.

Іс-шараны тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Амангелдіқызы Қалимолдина жүргізді.

Ашық сұхбат барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, конституциялық нормалардың күнделікті өмірдегі маңызы мен мемлекет дамуындағы рөлі түсіндірілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық ұстанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру.