28 қазан 2026


«GREEN ARAL 2026»: АМАНЖОЛОВ ЖАСТАРЫ ВОЛОНТЕРЛЕР АПТАЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ

Қызылорда қаласында өткен «GREEN ARAL 2026» волонтерлер апталығына Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жастары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау құндылықтарын дәріптеу және жастар арасындағы еріктілік қозғалысын дамыту.

Аманжолов университетінің жастары экологиялық бастамаларды қолдап, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған игі істерге атсалысты. Мұндай шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Табиғатты қорғауға бағытталған волонтерлік бастамалар жастарды ортақ мақсат жолында біріктіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың маңызын көрсетеді.