28 қазан 2026


КӘСІПТІК БАҒДАР: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің Экология және география кафедрасының өкілдері кәсіптік бағдар беру мақсатында «Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі» КММ-не барды.

Кездесуге кафедра профессоры Кульзипа Жусуповна Дакиева мен кафедра оқытушысы Гульфат Жанболатовна Калелова қатысып, білім алушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, мамандықтардың мүмкіндіктері және кәсіби даму перспективалары туралы ақпарат берді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі мақсаты – жастардың болашақ мамандығын саналы таңдауына ықпал ету, кәсіби қызығушылықтарын арттыру және жоғары білім алуға ынталандыру.

Осындай кездесулер талапкерлерге жоғары оқу орнының мүмкіндіктерімен танысып, болашақ кәсіби бағытын айқындауға көмектеседі.