30 қазан 2026


ЗАМАНАУИ ХИМИЯ МҰҒАЛІМІ: КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің химия кафедрасында «Заманауи химия мұғалімі: кәсіби құзыреттілік, инновациялық әдістер және педагогикалық тәжірибе» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті «Қазақстан ұстазы» қоғамының «Тәлімгер» төсбелгісінің және Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, химия магистрі, Зайсан ауданы химия пәні мұғалімдері қауымдастығының жетекшісі, магнитті мектептер жетекшісі, облыстық және республикалық химия пәні олимпиадаларының жеңімпазы Мөлдір Арыстанбекқызы Досмұханбет өткізді.

Кездесу барысында заманауи химия мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, білім беру үдерісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқытудың тиімді технологияларын пайдалану және озық педагогикалық тәжірибені оқу тәжірибесіне бейімдеу мәселелері талқыланды.

Дәріс болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын жетілдіруге, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және химияны оқытудың заманауи бағыттары жөніндегі түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті дәріскерге мазмұнды кездесуі мен кәсіби тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреді.