30 Қазан 2023


АҚДЕНИЗ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА

« Ақдениз» университетінің «Білім беру» факультетінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қауымдастырылған профессоры Гаян Губайдуллинаның ғылыми тағылымдамасы сәтті жалғасуда. Оқытушы «Әлеуметтік ғылымдар: география және тарих», «Сынып жетекшілік», «Психология», «Түрік тілі шет тілі ретінде» мамандықтарының білім алушыларымен бірге оқу сабақтарына белсенді қатысуда.
Гаян Губайдуллинаның айтуынша, ол білім алушылар алдында Қазақстанның тарихы, білімі мен мәдениеті туралы баяндайды.