1 Қараша 2023


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері «Құқықтану» мамандығының төртінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында түлектер мемлекеттік қызметке шақырылып, жұмысқа орналасу тәртібімен танысты.
Сонымен қатар, жастарды «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасына қатысуға шақырды. Жобаның мақсаты-белсенді және талантты жастарды тарту және оқыту.
Айта кетейік, жобаға тек ҚР азаматтары мен бітіруші курс студенттері қатыса алады.