2 ноября 2023
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова және психология және түзету педагогикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Юлия Кукина «Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының рөлі» атты облыстық семинар-практикумға қатысты.
Семинар барысында ЖОО өкілдері инклюзивті білім беру орталығындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, баяндамалар жасады.
Семинарды ШҚО білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Іс-шараға 60-тан астам педагог қатысты.