2 Қараша 2023


КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің Химия кафедрасында денсаулық тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылды. Университет медбикесі студенттерге гепатит ауруының қалай алдын алу керектігі жайын айтты. Дерттің салдары мен профилактика шаралары жайы білім алушыларға түсіндірілді. Сонымен қатар топ кураторлары инфекциялармен күрес туралы ақпаратпен бөлісті.