8 Қараша 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

ШҚУ-дың «Тарих» білім беру бағдарламасының студенті Ерболат Болатов Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты атанды. Ол «Ғылым» бағыты бойынша байқауға қатысқан. Енді Ерболат Болатов бір оқу жылы ішінде ай сайын 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы алатын болады.

– Стипендия туралы Instagram арқылы білдім. Бірден құжаттарды жинай бастадым. Менде мақтау қағаздары мен түрлі сертификаттары бар жақсы портфолиом дайын еді. Байқауда жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бұл үлкен жетістікке жету жолындағы тағы бір жеңіс, – дейді Ерболат.

Байқаудың мақсаты – белсенді, дарынды жастарды анықтау және қазақстандық студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық-пайдалы қызметін ынталандыру. Еліміздің үздік студенттерін марапаттау желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді.