10 ноября 2023


«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру бойынша байқаудың ЖОО ішілік кезеңінің қорытындысы

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Басқарма төрағасының орынбасары — стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры И.В. Ровнякованың төрағалығымен «ЖОО-ның үздік оқытушы» атағын беру бойынша байқаудың республикалық кезеңіне қатысу үшін университеттен үміткерлердің конкурстық құжаттарын қарау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс жұмысына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қатысты.
Отырыс барысында сараптамалық топ қорытындысының нәтижелері бойынша «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беруге арналған республикалық конкурстың I кезеңіне қатысу үшін конкурстық құжаттар қаралды.
Үміткерлер конкурстық құжаттарды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта тапсырды (https://universitycontest2023.iac.kz).
2023 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беруге арналған республикалық конкурстың ЖОО ішілік кезеңіне қатысу үшін университеттің 17 оқытушысы өтінім берді.
Республикалық кезеңге қатысу үшін «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беруге арналған байқаудың I кезеңінің қорытындысы бойынша университеттің конкурстық комиссиясы 6 оқытушыны ұсынды:
1) ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан аса категориясы бойынша:
1. Сулюбаева Л.Г.;
2. Ерболатулы Д;
3. Сакенова Р.Е.;
4. Картаева А.М.
2) ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан кем категориясы бойынша:
1. Қуанышбеков Т.Қ.;
2. Ақатан Қ.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі республикалық конкурстың II кезеңі 2023 жылғы 17 қарашадан басталады.
ІІ кезеңде қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

Протокол заседания конкурсной комиссии ЛПВ-2023 скан