13 Қараша 2023


ЖОО ПРОФЕССОРЫ АЙНАГҮЛ ҚҰРМАШҚЫЗЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық психология ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық педагогикалық білім академиясының академигі, ЖОО профессоры Айнагүл Құрмашқызын 70 жылдық мерейтойымен құттықтау салтанаты өтті.

Туған күн иесінің студенттері мен түлектері, әріптестері мен жақындары жиналған шара Айнагүл Игібаеваға құрмет көрсетуден басталды. Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Ровнякова, п.ғ.д. Надежда Завалко, «Өрлеу «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Бақыт Дәуітбеков, Абай атындағы ШҚГК директоры Фархад Сақанұлы, Көпсалалы технологиялық колледждің директоры Қажымұқан Әлімханұлы жылы лебіздерін білдіріп, ЖОО-ның құрметті ардагерлері және профессордың көптеген әріптестері құттықтауларын арнады.


-Сіз еліміздің ғылымы мен білімін дамыту жолында зор үлес қостыңыз. Талай мықты шәкірттерді тәрбиелеген педагогсыз, – деді Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Ровнякова.


Мерейтойлық шара барысында қонақтарға би және вокалдық нөмірлер ұсынылды. Сондай ақ, Айнагүл Құрмашқызының 48 жылдық өтілі мен еңбек жолына арналған бейнеролик көрсетілді.


Айта кетейік, Айнагүл Игібаева жарты ғасырлық қызметінде 7 ғылым кандидаты мен 120 магистр дайындады. Ол 150-ден астам ғылыми жарияланымдар мен 15-тен астам оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Сондай-ақ “ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен және ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2012» атақтарының иегері.