14 ноября 2023
«ALUMNI UPGRADE» МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да 2018 жылдан бастап Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы жұмыс істейді. Ол студенттерді жұмыс берушілермен байланыстырады. Сондай-ақ жоғары оқу орнын түрлі рейтингтерге орналастыру мен имидждік шаралармен айналысады.
2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес орталықтың қызметі кеңейтілді. Осыған байланысты бөлім «Professional Upgrading» мансап орталығы болып өзгертілді.
Орталықтың жаңа бағыты – «ALUMNI UPGRADE». Бұл университеттің қайта даярлау және біліктілігін арттыру ресурстық орталығымен бірлесіп жүзеге асырылатын әр жылдардағы ЖОО түлектерін қолдау жөніндегі жоба. Жоба еңбек нарығының заманауи трендтеріне сәйкес келетін түлектердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Осы бағыт шеңберінде бейресми білім беру арқылы біліктілікті арттыру, мамандарды қайта даярлау және тілдік даярлау жұмыстары іске асырылуда.