15 Қараша 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ДЕФЕКТО-ФЕСТ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да психология және коррекциялық педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында кәсіби мамандардың қатысуымен дефекто-фест өтті.
Аталған шарада кафедра студенттеріне «Мектеп жасына дейінгі ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық үрдістерін дәстүрлі емес,технологиялар арқылы дамыту», «Ерекше білімді қажет ететін балаларды дамытуда қолданылатын бейімдік дене тәрбиесінің элементтері»-сынды тақырыптарда дәріс оқылды.
Іс-шараның мақсаты-студенттердің арнайы педагогтер мен психологтердің қызметінде кәсібилікті арттыруға ықпал ету.