15 Қараша 2023


КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шет тілі және аударма ісі кафедрасында қала мектептеріне кәсіптік бағдар беру жұмысының апталығы басталды. №23 орта мектептің ата-аналары мен болашақ түлектері алдында кафедра оқытушылары С.Ж.Бейсенова және И.З.Фридман ШҚУ-дың мүмкіндіктері мен жетістіктерін таныстырды.
Сондай-ақ, кафедра оқытушылары «Шет тілі: екі шет тілі» бағдарламасының бірегейлігі туралы атап өтіп, құжаттарды қабылдау және оқыту шарттарын түсіндірді. Олардың айтуларынша, бұл білім бағдарламасының талапкерлерінің екі қосымша тілді меңгеруден бөлек, ауызша және жазбаша мәтіндерді аударуға қабілетті, шет тілін оқыту әдістемесі мен тәсілдерін меңгерген, шет тілі бойынша білім беру саласындағы бірінші дәрежелі маман болуға мүмкіндігі бар.