14 ноября 2023


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛОГОПЕД КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МАСТЕР-КЛАССТАР ЦИКЛЫ

ШҚУ-да SpecPed & CliPsy шеберлік сағаттары апталығы басталды. Шараны Психология және түзету педагогикасы кафедрасы ұйымдастырды. Халықаралық логопедтер күнінде өткен алғашқы мастер-класс «Дефектология» мамандығының студенттеріне арналды. Мақсаты -университет студенттерінің құзыреттілігі мен білімін арттыру.
Шара концерттік бағдарламамен басталды. Оның барысында болашақ мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ресми бөлімнен кейін студенттерге спикер мен оқу тақырыбын таңдау мүмкіндігі берілді.
Тәлімгерлер арасында алма-матердің құрметті түлектері мен логопедтер болды. Атап айтқанда К.В.Ренева «Үлкен мектеп жасына дейінгі балалармен логопедиялық жұмыста мнемотехниканы қолдану», О.И.Белан «Білім беру мектебін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі жағдайындағы логопедиялық диагностика», Ю.В.Андрусенко «Логопедтің жұмысындағы дәстүрлі емес әдістер мектеп жасына дейінгі балалармен түзету және дамыту жұмысының құралы ретінде», А.О.Балаева «Сөйлеу қабілеті нашар балалармен жұмыс кезінде нейропсихологиялық түзету әдістерін қолдану», Курочкина И.В. «Нейростимуляция әдістері бар модульдер бойынша дыбыстарды автоматтандыру жүйесі», Е.П.Зуева «Логопедия сабақтарында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда ойын мотивациясын құру әдістері» тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар, С.В.Силина «Логопед-мұғалімнің балалармен жұмысындағы тиімді заманауи технологиялар», А.А. Нағашыбаева және Б.К.Мұқатаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда тыныс алу жаттығуларының түрлері мен ритмикалық шеңбердің маңыздылығы», Н.Ж.Қыстаубаева мен Ш.О.Орынбасарова «Байланыстырып сөйлеуді дамыту жолдары», Г.С. Құрманбаева мен М.А.Кешубаева «Ерекше білімді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сөйлеу тіл бұзылыстарын «Су Джок терапия» арқылы түзету», Г.С. Ахметова мен А.М. Қажыбекова «Ақ ниет» Мектеп-интернат жағдайында балалардың сөйлеуін дамыту бойынша жұмыс әдістері мен тәсілдері» оған қоса, Ж.К. Уадинова мен П.Бейбітқызы «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін кюизенер таяқшалары арқылы дамыту» тақырыптары сөз болды.
Ауқымды шара соңында барлық спикерлерге сертификаттар табысталды.