21 Қараша 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖОО студенттері ШҚУ-дың құрметті түлегі, табысты кәсіпкер Елдос Айбековпен кездесті. Кездесу сұрақ-жауап, әңгімелесу барысында өтті. Әр студент келген қонаққа қызықтырған сұрағын қойды. Елдос Айбеков білім алушыларға пайда табудың басты негіздерін айтып, қаржылық сауаттылық жайына тоқталды. Оның айтуынша, жүйелі жұмыс, нақты мақсаттар жастарды көздеген биіктеріне алып келеді.


Елдос Айбеков – ШҚУ-ды қызыл дипломмен бітірген. Бизнесте 13 жыл тәжірибесі бар. «Халал Казино» кітабының авторы, ҚР Президентінің «Шапағат» медалінің иегері.


Оқытушылардың сөзіне сенсек, ол студент кезінде-ақ белсенді, білімді жас еді. «Парасат» дебат клубында жетекшілік етті. Университет өмірінен қалыс қалмайтын.


Бүгінде ол жас кәсіпкерлерге бизнес жолын үйретумен, қайырымдылықпен айналысады.