Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Аканова Жанель Маратбековна
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының меңгерушісі
Кафедраның тарихы 1993 жылы «Психология» мамандығының 1991 жылы ашылуына байланысты екі кафедраға бөлінген Өскемен педагогикалық институтындағы психология кафедрасының бай тарихынан тұрады.
Жалпы психология кафедрасын профессор, м.ғ.к. Соклаков Анатолий Федорович басқарды. Қолданбалы психология кафедрасын Ладзина Наталья Алексеевна басқарды. 2015 жылы кафедралар біріктірілді.
Әр уақытта кафедраны Аканова Жанель Маратбековна, Килыбаева Гульнур Кенжеханқызы, Бекбаева Малика Фархатқызы, Кукина Юлия Евгеньевна, Тұрарова Гүлназ Укметбекқызы, Тюлюпергенева Раушан Жомартқызы, Стельмах Светлана Александровна, Мацкевич Ирина Константиновна, Коккозева Кульчария Шамильевна, Ковалев Сергей Эдуардович, Ерментаева Ардах Ризабековна басқарды, Әубәкірова Жанат Қанашқызы.
Кафедра үшін дамуға зор үлес қосқан тұлғалар: Рескина Сталина Ефимовна, Акашев Амангелді Байназарұлы, Карамуратова Раиса Бешибайқызы.
Кафедраның дамуы мамандықтар мен білім беру бағдарламаларының дамуымен байланысты.
1991 жылдан бастап білім беру, денсаулық сақтау, сот істері және құқық қорғау органдары, аймағымыз бен Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдары үшін 3 000-нан астам психолог дайындалды. Көптеген түлектер алыс және жақын шетелдерде жұмыс істейді.
2004 жылы кафедра базасында «Дефектология» мамандығы ашылды. Оқыту бірден 4 білім беру траекториясы бойынша жүргізіледі: олигофренопедагогика, сурдопедагогика, логопедия, тифлопедагогика.
Аймақтың денсаулық сақтау саласы, ТЖМ үшін психологтарға деген қажеттілігі 2019 жылы ББ клиникалық психологиясын ашу қажеттілігіне әкелді.
2023 жылы педагогикалық білім беруді жаңғырту жобасы аясында жаңа білім беру бағдарламалары: Эргопедагогика және Ерте қолдау педагогикасы ал, 2025 жылы Эргопедагогика эрготерапия (эргореабилитация) мамандануымен ашылды.
Мұндай бағдарламалар өңірдегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерте араласу мен кешенді сүйемелдеу қызметтерін көрсететін, сондай-ақ балалар мен ересектердің функционалдық мүмкіндіктерін халықаралық жіктеу қағидаттары негізінде бағалап, эрготерапиялық қолдау модельдерін әзірлейтін білікті мамандарға деген сұранысқа жауап ретінде іске асырылды.
Кафедраның дамуы ғылыми-зерттеу қызметінің жүйелі түрде өркендеуімен тығыз байланысты. Кафедрада этнопсихология, отбасы және даму психологиясы, құқықтық психология, саяси-әлеуметтік үдерістер, сондай-ақ арнайы педагогика бағыттары бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізіліп, ғылыми тұжырымдар мен практикалық тәсілдер әзірленуде.
Кафедраның ерекшелігі жұмыстың қолданбалы бағытында көрініс табады. Оқытушылардың көпшілігі ұйымдық психология, Психологиялық кеңес беру және психотерапия, арнайы түзету педагогикасы, логопедия, білім беру психологиясы саласындағы практиктері. «Dana Bala» ғылыми-практикалық орталықтарының жұмысын қамтамасыз ету кафедраның эксклюзивті мамандарының қызметімен байланысты.
Кафедра Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде алғашқы республикалық олимпиадалар, психологияның алғашқы фестивальдері, «CliDePsy» апталықтарын кафедра ұйымдастырды.
Жетекші ұйымдармен ынтымақтастық және кафедраның жетістіктері
Тәрбиелік, кәсіптік бағдарлау және қоғамдық қызмет
- 09.10.2024Медициналық колледж студенттеріне кәсіптік бағдарлау: кафедра мамандықтарын таныстыру (Психология, Клиникалық психология, Арнайы педагогика, Эргопедагогика, Ерте қолдау педагогикасы).
- 08.11.2024№24 орта мектепте 11 сынып оқушылары үшін интерактивті сессия-тренинг («Дана бала» орталығы, проф. Кукина Ю.Е., студенттер Потешкин Д., Есипов М.).
- 29.11.20241–3 курс студенттеріне арналған «Logo Party» байқауы (Арнайы педагогика, Эргопедагогика). Ұйымдастырушы — аға оқытушы Канапиянова К.Д.
- 05.12.2024«PSYCHO TIME» іс-шарасы (ұйымдастырушылар — 4 курс студенттері мен куратор Аканова Ж.М.) «Психология», «Клиникалық психология» БҚ үшін.
- 08.01.2025Мектеп оқушылары үшін «Менің мамандығым — менің болашағым» трансформациялық тренингі (Байтемирова К.Б., Тохтарбекова К.Т.).
- 02.05.2025ШҚО өнер мұражайында «Менің мамандығым және ақша» психологиялық ойыны (Кукина Ю.Е., Байтемирова К.Б.).
Ғылыми бағыттар, жобалар және халықаралық ынтымақтастық
- • 2024–2026 — ҚР ЖҒТО грантық жобасы: «Қазақстандық компаниялардың DE&I мәдениетін қалыптастыруға әлеуметтік-психологиялық қолдау» (жет. п.ғ.д. Ладзина Н.А.).
- • ЮНИСЕФ және «Сана Сезім» ҚҚ жобасы: «Миграциялық процестердегі балалардың құқықтарын қорғау» (2022).
- • ҚР БҒМ және Халықаралық банктің жобасы: «Педагогикалық білім берудің әлеуетін күшейту» (Финляндия, 2022).
- • «Қазақстан балалары» ұлттық баяндамасы (ҚР БҒМ, 2022) — ред. Мацкевич И.К., Барабанова Е.И.
- • «Денсаулық сақтау саласындағы психолог маман» кәсіби стандарты (проф. Стельмах С.А., 2018).
Халықаралық және ішкі ынтымақтастық, шақырылған профессорлар
Оқу-әдістемелік қызмет және цифрлық ресурстар
Мамандықтарды дамыту бағдарламалары және инновациялық БҚ
- 6В01902 — Арнайы педагогика (2024–2029 жж. даму бағдарламасы)
- 6В03101 — Психология (2024–2029 жж. даму бағдарламасы)
- Эргопедагогика (Жаңа БҚ, 2024–2029 жж. даму бағдарламасы)
- Ерте қолдау педагогикасы (Жаңа БҚ, 2024–2029 жж. даму бағдарламасы)
- 7М01903 — Арнайы педагогика (магистратура) (Даму бағдарламасы)
• Кафедраның YouTube-каналы (>250 дәріс)
• ШҚУ білім беру порталы (цифрлық мазмұн)
Серіктестер мен практика базаларының кафедра түлектері туралы пікірі
Инклюзивті білім беру құзыреттері орталығы инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге кадрлар даярлау саласында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, сараптамалық-консультациялық және ағартушылық қызметті жүзеге асыратын «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ-тың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 574 бұйрығымен бекітілген Тәртіпке сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдарын білім беру үдерісіне енгізуге және өз бейіні бойынша мамандарды қайта даярлауға консультациялық және әдіснамалық қолдау көрсетеді.
Орталықтың бейіні - инклюзивті білім беру, педагогтер мен психологиялық-педагогикалық бағыттағы болашақ мамандардың инклюзивті құзыреттілігін дамыту, студенттерге практикалық сабақтар өткізу және әдістемелік қолдау көрсету.
Орталықтың нысаналы топтары - университет оқытушылары, педагог практиктер, сондай-ақ «01 - педагогикалық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша білім алатын студенттер, магистранттар мен докторанттар.
Орталықтың мақсаты - педагогтер мен болашақ мамандардың инклюзивті құзыреттілігін дамытуды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, еңбек нарығының ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін ескере отырып, Ұлттық біліктілік жүйесінің құралдарын оларды даярлау, біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау үдерістеріне енгізу.
Орталықтың негізгі міндеттері
педагогтер мен студенттердің білім беру қажеттіліктерінің алуан түрлілігі жағдайында кәсіби қызмет атқаруға даярлығын дамыту;
практикалық сабақтарды, оқыту семинарларын, шеберлік сыныптарын, тренингтерді және пәнаралық практикумдарды ұйымдастыру;
студенттерге кәсіби жағдаяттарды талдау, сабақтарды, оқу материалдары мен жобаларды әзірлеу және практикаға дайындалу барысында әдістемелік қолдау көрсету;
инклюзивті білім беру бойынша ғылыми негізделген әдістемелік ресурстарды әзірлеу, жүйелеу және апробациядан өткізу;
кафедралармен бірлесіп, инклюзивті білім беру мәселелерін кәсіптік даярлау мазмұнына енгізуге ықпал ету;
студенттер мен педагогтердің зерттеушілік мәдениетін дамыту, қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін тарату;
білім беру ұйымдарымен, бейінді мамандармен, ғылыми мекемелермен және кәсіби қауымдастықтармен ынтымақтастықты нығайту;
Ұлттық біліктілік шеңберін, салалық біліктілік шеңберлерін, кәсіптік стандарттарды және кәсіптер тізілімін білім беру үдерісіне енгізуге консультациялық және әдіснамалық қолдау көрсету;
жұмыс берушілердің қажеттіліктерін зерттеу, кәсіптік стандарттарды, білім беру бағдарламаларын және кәсіптердің өңірлік картасын өзектендіруге қатысу;
Орталықтың бейіні бойынша біліктілікті арттыру, қайта даярлау және микробіліктілік бағдарламаларын ұйымдастыру, кәсіби біліктіліктерді тану және құзыреттерді сертификаттау тетіктерін дамытуға қатысу.

Ладзина Наталья Алексеевна
Профессор

Ауренова Мадина Даулеткановна
Ассоц.профессор




















