22 ноября 2023
«Психология» бойынша олимпиада
2023 жылдың желтоқсан айында С.Аманжолв атындағы ШҚУ Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы ұйымдастыратын «Психология» бойынша Олимпиадаға қатысуға 11 сынып оқушыларын шақырамыз.
Олимпиада мақсаты: білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, олардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы, психологиялық мәдениетін жетілдіру және білім беру жүйесінде практикалық психология қызметінің беделін арттыру.
Олимпиада мазмұны мен ұйымдастырылуы:
- Олимпиада Өскемен қаласы С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасында 2023 жылдың 4 және 15 желтоқсаны арасында өткізіледі.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады (сырттай және офлайн) және индивидуалды жарысуды көздейді.
Олимпиаданың бірінші кезеңі (сырттай формасы) жазбаша тапсырмалардан тұрады. Тапсырма жауаптары 2023 жылдың 8 желтоқсанына дейін қабылданады.
Олимпиаданың екінші кезеңі офлайн болады. Бұл кезеңде 1 — кезеңнің барлық жеңімпаз қатысушылары шақырылады. 2-кезең 2023 жылдың 15 желтоқсанында Өскемен қаласы, 30-Гв.Дивизия 34 мекен-жайы бойынша орналасқан бас ғимаратта өткізіледі.
- Олимпиадаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мен тіркеу желтоқсан айының 20.11 мен 1.12 аралығында жүзеге асырылады.
- Өтініштер берілген үлгіге (Қосымша 1) сәйкес электронды түрде Kaf_psy@bk.ru. поштасында қабылданады
Қосымша ақпараттарды мына телефон нөмірлері бойынша ала аласыздар: 8-705-239-7975 (Юлия Евгеньевна), 8-777-857-8298 (Құралай Тоқтарбекқызы).
- Өтініштерді қабылдап, тіркеген соң Ұйымдастыру Комитеті қатысушыларға 1-кезеңнің тапсырмаларын жібереді.
- 2023 жылдың 8 желтоқсанына дейін Kaf_psy@bk.ru электронды мекен-жайына 1-кезеңнің тапсырма жауаптарын жіберу қажет.
- Финал және жеңімпаздарды марапаттау —2023 жылдың 15 желтоқсанында.
- Олимпиадаға қатысу тегін.
Олимпиаданың гран-при иегері Педагогика жоғары мектебіне оқуға түскен жағдайда, оқудың бірінші жылының ақысы бойынша Университет грантын ала алады.
1,2 және 3 орынға ие болған қатысушылар дипломмен марапатталады. Қалған қатысушыларға сертификат беріледі. Оқушыларды олимиадаға дайындаған педагог-психологтар сертификаттармен марапатталады.
Қосымша 1
ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУҒА
ӨТІНІМ
Өтінім үлгісі:
Мектеп оқушылары арасындағы Психологиядан аймақтық олимпиадаға қатысуға өтінім
№ | Оқушының аты-жөні (толық): | Байланыс телефондары (ұялы)
Электрондық поштасы (e-mail) |
Сыныбы, Оқу орнының аты мен мекен жайы | Ғылыми жетекші аты жөні (толық), қызметі, лауазымы, байланыс телефоны, электрондық поштасы (e-mail): | Қатысу тілі |
1 | Бота
Каден |
8-700-700-15-15 | 11 класс ГУ СШ № 20 им. А.Байтурсынова
г.Усть-Каменогорск, улица Алматинская 54 070000 |
Серикбаева Маржан, педагог-психолог высшей категории, 8-700-700-89-89
e-mail: |
Каз |
2 |
Өтінім қосымша ретінде Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына жіберіледі.
Құжаттың атауы (өтініштің): «…..қаласындағы № .. мектептің өтініші». Жіберілген хат тақырыбын «Олимпиада-2023» деп көрсетіңіз.