23 Қараша 2023


КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да кәсіби бағдар беру жұмысы аясында орыс тілі мен әдебиеті және журналистика пәндерінен олимпиада өтті.
Олимпиада екі турдан тұрды. Алғашқы турда қала және облыс оқушылары расталмаған ақпарат тарату мәселесі, интернет пен теледидар желісінің көрермен үшін күресі, сүйікті мұғалімдері мен жазушылары туралы эссе жазды.Ал,екінші турға 60 адам қатысты. Оқушылар А. Романовтың өлеңін талдап,мәдени іс-шаралардан репортаждар, қаланың танымал адамдарымен сұхбаттар, «Мектеп өміріндегі бір күн»-тақырыбында сторителлинг сынды үй тапсырмаларын таныстырды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мемлекеттік тілде оқытатын мектеп оқушылары арасында Камила Кадирова, орыс тілі бойынша Диана Аманбекова, журналистика бойынша Аружан Жарқынқызы атанды.
Орыс тілінде оқытатын мектеп оқушылары арасында орыс тілі бойынша Софья Луценко , орыс әдебиеті бойынша Дарья Маметьева үздік атанса, журналистика бойынша Вероника Романова жеңімпаз атанды.
Ал,олимпиада соңында,қазылар алқасы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін,қызығушылығы мен шығармашылығын ерекше атап өтті.
Айта кету керек, биыл олимпиадаға қатысуға 150-ден астам оқушы өтінім жіберген.