29 Тамыз 2023


ШҚУ-ДА БЕЙІМДЕЛУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Шығыстың қара шаңырағы бірінші курс студенттеріне есігін айқара ашты. ЖОО әкімшілігі дайындаған бағдарламада барысында оқуға түскендердің әрқайсысы университет құрылымымен, оқытудың барысымен, жеке құқықтары және міндеттерімен таныса алды.
Айта кетейік, бейімделу аптасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады.
Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің ақпараты бойынша, 30 тамызда №1-ші оқу ғимаратында «Ғылыми кітапхана» бойынша экскурсия өтеді. Студенттерге электрондық кітапхананы пайдалану ережелері түсіндіріледі, оқырман жадынамалары мен оқулықтарды беру кестесі беріледі. ҚР Конституциясы күні студенттерді тақырыптық іс-шара және облыс орталығы бойынша экскурсиялық серуен күтіп тұр.
1 қыркүйекте «Amanzholov University – парасатты университет» атты дәрісі өтеді, сағат 10.00- де басталады.
Келесі күндері студенттердің үйлерінде тұру және білім беру ережелерімен танысу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жиналыстары жоспарлануда.
Одан кейінгі күндері Студенттер үйлерінде тұру және жеке оқу жоспарларын қалыптастыру, ережелерімен танысу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жиналыстары жоспарлануда.
Бейімделу апталығының соңғы кезеңі студенттерде академиялық және адамгершілікке тәрбиелейтін тақырыптық кураторлық сағаттар болады.