24 ноября 2023


БЕЙРЕСМИ БІЛІМ БЕРУ: ПІКІРТАЛАС ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Бейресми білім беруді жүзеге асыру мақсатында Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру Ресурстық орталығында университет студенттері мен магистранттарына арналған «Замануи білім беру жағдайындағы пікірсайыс технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері» атты біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.
Курсты «Педагогикалық білім беру және менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Касентаева Қарлығаш Оразбекқызы жүргізеді.
Курстың мақсаты: «Білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту және пікір талас жургізудің этикасын меңгерту».
Сабақ жүргізу барысында пікірсайыс технологиясы білім алушылардың белсенділігін көтеру мақсатында, креативті шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру, интеллектуалды ойын, қосымша факультатив ретінде пайдалануға өте тиімді.