27 Қараша 2023


ШҚУ ПРОФЕССОРЫ МАЖАРЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТТІ

Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімінің маманы, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының сеньор-лекторы Раушангүл Мұқышева Венгрияның Сегед университетінде Алтаистика кафедрасының меңгерушісі Шандор Папптың шақыруымен тағылымдамадан өтті.

Профессор Венгрияда қазақ тілі мен Қазақстан тарихын зерттейтін Алтаистика кафедрасының студенттері мен оқытушыларына қазақ тілі, мәдениеті мен әдебиеті туралы дәріс сабақтарын өткізді.

Айта кетейік, мажарлар қыпшақтардың, Аттилланың ұрпақтары саналады. Осы себепті олар түркі халықтарымен тығыз байланыста болуға тырысады.


Раушангүл Мұқышеваның айтуынша, тағылымдама барысында тараптар арасында Erasmus академиялық алмасу бағдарламасы бойынша келісімге қол қойылды. Бұл келісім берік және ұзақмерзімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.