29 ноября 2023


«ҚҰҚЫҚТАНУ» ББ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС

ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Ернар Әмірханов «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне дәріс сабағын өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар әкімшілік соттардағы жұмыстың ерекшеліктерін талқылады. Сондай-ақ қаралған істер, сот жүйесі, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің ерекшеліктері, әкімшілік сот ісін жүргізудің қылмыстық және азаматтық нысандарынан айырмашылығы және судьяның құқықтық мәртебесі тақырыптары сөз болды. Ернар Әмірхановтың айтуынша, студенттер қызықтырған сауалдарын қойып, көп жаңалықпен танысты.