31 Тамыз 2023


ШҚУ-ДЫҢ ПРОФЕССОРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Физика және технологиялар» кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ағзамов Мұхамедолла Сағидулинұлы қолкүрестен әлем чемпионы  атанды.

Алматы қаласында өтіп жатқан, армрестлингтен 44-ші әлем чемпионатынна қатысқан Мұхамедолла Ағзамов 9 қарсыласын жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінген.

Көк байрағымызды көкке көтерген Мұхамедолла Сағидулинұлын  жарқын жеңіcімен құттықтай келе, алдағы күндері ел намысын қорғайтын жарыстарда әнұранымызды шырқатып, ел намысын абыроймен қорғай беруін тілейміз!

Әлемдік дода тамыз айының 29-31 күндері аралығында ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтсе, қыркүйек айының 1-2 күндері аралығында ересектер арасында өтеді екен.