1 Желтоқсан 2023


ШҚО АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ АДВОКАТЫ ЖОО-ДА БОЛДЫ

Бизнес және құқық жоғары мектебінің студенттері ШҚО Адвокаттар алқасының адвокаты Қалтай Қалиақпаровпен кездесті. Екі сағаттан астам уақыт бойы тәжірибелі адвокат болашақ заңгерлерді адвокат жұмысының ерекшеліктері және жеке тәжірибедегі айрықша жағдайлары туралы хабардар етті. Қонақтың айтуынша, ол күн сайын заң саласындағы білімін жетілдіріп отырады. Оның қорғаушыларына қатысты құжаттар мен жағдайларды зерттеп, сот процестерінде өз клиенттерін қорғаудың оңтайлы және тиімді құралдарын іздейді. Айта кетейік, заң кадрларын даярлауда университет тәжірибелік оқытуға көп көңіл бөледі. Бизнес және құқық Жоғары мектебінде өзекті оқу курстарын әзірлеумен қатар құқық қорғау органдары базасында кафедра филиалдарының студенттік заң клиникасының жұмысы ұйымдастырылған.