31 Тамыз 2023


ШҚУ-ДЫҢ БЕС ПРОФЕССОРЫ ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА БАРАДЫ

7-8 қыркүйекте Түркияда «SCOFOLA 23»  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Ауқымды іс-шараға ЖОО-ның бес профессоры аттанады. Олардың қатарында Толқын Абдрахманова, Айнагүл Жапарова, Бейбігүл Шуршитбай, Құлжыбек Құсманова және Анель Таранова бар.

– Сіздердің тезистеріңізді рецензенттер жоғары бағалады және қабылдады. Біз сіздердің презентацияларыңызды  асыға күтеміз, – делінген түрік тарапының ресми хатында.

Конференцияға қатысушыларды Erasmus + бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы күтіп тұр.

Үш апта ішінде университет профессорлары Бюлент Эджевит университетіндегі тиісті кафедраларда біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.