4 декабря 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының студенттері «Мемлекеттік тіл — менің тілім» республикалық форумына қатысты.
Форумда қазақ тілінің мәртебесі, мемлекеттік тілдің қазіргі жайы талқыланып, «Ойталқы» бөлімінде қонақтар TED-стилінде ой өрбітті.
Сондай-ақ форумда университет студенті Бекарыс Секен үндеу жасады.
— Үндеудің басты мақсаты — қазақ тілін дамыту жастардың қолында екенін жеткізу. Бүгінгі шара жоғары деңгейде өтті, — дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Бекарыс Секен.
— Форум ұнады. Тіл туралы барлық мәселе көтерілді. Шынымды айтсам, патриоттық сезімімді оятты, — дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Алмас Келесбай.
Айта кету керек, жастардың осындай республикалық форумдарға қатысуының тіл мәселесінің болашағында танымдық-тағылымдық маңызы зор.