6 декабря 2023


«ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ББ: ЖОБАЛАР КӨРМЕСІ

ШҚУ-да «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» ББ білім алушылары қатысқан көрме өтті. Қатысушы студенттердің саны 50-ден асты. Барлығы 12 жоба қорғалып, тыңдалды. Ұсынылған жобалардың жетекшісі физика және технология кафедрасының сениор-лекторы Қалибек Ж.С.

Азық-түлік өндірісі объектілерін жобалау күрделі, көп еңбекті қажет ететін процесс екенін айта кетейік. Болашақ маман экономикалық және техникалық жобалау мәселелерін, жобалауды ұйымдастыру теориясын жақсы білу қажет. Сондай-ақ технологиялық желілер мен тамақ өнімдерін өндіру, жобалаудың әртүрлі кезеңдеріндегі нақты есептерді шешу әдістерін меңгеруі керек.

Комиссия мүшелері әр тақырыптың өзектілігін, құндылықтары, техникалық есептеулері мен сызбалық жоспарларын ескере отырып, жүлделі орындарды анықтады. Бірінші орынға “Шылан дәруменді жемісін тағам өндірісіне өңдеп дайындау жобасын” дайындаған Тұрдыбай Бүлдіршін, Ағзамбекова Ақмарал, Садық Айдын, Сапах Маржан лайық деп танылды. II орын “Қымыз және саумалы ұнтағын дайындайтын цех жобасы” тақырыбын ұсынған Санақбаева Сезімге бұйырды. Ал үшінші орын арнайы цех жобасын таныстырған Құсманова Дильназ, Қалиақпарова Нұрым, Құдайбақова Жанару, Пернеханқызы Гүлімайға берілді.