7 декабря 2023


ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ КУРСТАРЫ ӨТТІ

«Құқықтану» мамандығының студенттері арнайы онлайн-курсты сәтті аяқтады. Шара Біріккен Ұлттар Ұйымының жазасын өтеушілерге қатысты ең төменгі стандартты ережелеріне арналған. Бұл білім беру курсы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс басқармасымен әзірленген. Оқытудың мақсаты – жазасын өтеушілермен әлемдік ауқымда қарым-қатынасты реттейтін қағидаттар мен стандарттар туралы білімді тереңдету.


Дәрісті заң ғылымдарының докторы Қуат Рахымбердин оқыды. Оның айтуынша, болашақ заңгерлер үшін Нельсон Манделаның түрмелерді басқару мен жазасын өтеушілерді басқарудың жалпыға бірдей танылған минималды стандарттары ережелерін қолдану маңызды. Оқу барысында студенттер жазасын өтеушілерге адами қарым-қатынасты қамтамасыз етуге, қатыгездіктің алдын алуға және олардың құқықтары мен ар-намысын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған ең төменгі стандартты ережелер туралы мол ақпарат алды. Студенттер жазасын өтеушілерді оңалту мен әлеуметтік реинтеграциялауға жәрдемдесуге бағытталған қағидаттарды игерді, сондай-ақ қылмыстық әділет саласындағы халықаралық стандарттарды сақтаудың маңыздылығын терең түсінді.
Курста интерактивті оқу материалдары, тәжірибеден алынған жағдайлар қамтылды. Арнайы дәрістер мен практикалық жаттығулар студенттерге талдау және мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға көмектесті.


Айта кетейік, курс соңында 30 студентке БҰҰ-ның халықаралық үлгідегі есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының сертификаттары табысталды.