12 декабря 2023
ТҮЛЕКТЕРГЕ 1414-ТЕН SMS-ХАБАРЛАМА ЖІБЕРІЛДІ
«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жеке тұлғаның еңбек қызметі туралы ақпарат алуға қатысты ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылын сәтті өткізді.
Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыған ЖЖОКБҰ-ның барлық түлектеріне 1414 «электрондық үкімет» порталының бірыңғай байланыс орталығынан дербес деректерді алу туралы сұрау салу туралы SMS-хабарлама жіберілетін болады (жұмыс берушінің БСН, жұмысқа орналасу күні).
Сұрауға жауап ретінде түлек дербес деректерді ұсынуға 511 (келісім) немесе 512 (бас тарту) мәтіні бар смс жіберуі тиіс.
511 (келісім) «Қаржы орталығы» АҚ атына жұмыс орны туралы растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ, өйткені бітірушінің еңбек қызметі туралы деректері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауаптарында автоматты түрде көрсетілетін болады, негізінен жұмыс орны туралы құжаттарды жинау бойынша әуре-сарсаңнан және артық формальдылықтан босатылады.
512 (бас тарту) әр алты ай сайын үш жыл бойы құжатталған жұмысты өтеуді растайтын болады.