13 Желтоқсан 2023


УНИВЕРСИТЕТТЕ ГРАНТТЫ ӨТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Қаржы орталығы» АҚ өкілдері мансап орталықтарының қызметкерлерімен онлайн кеңес өткізді.
Қаржы орталығы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібң министрлігімен бірлесіп, «Электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне Push хабарламаны жөнелтуге қатысты ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылын сәтті өткізді.
Енді мемлекеттік грантта оқып жатқан студенттер еңбек өтеу бойынша «Жеке кабинетінде» Жұмысқа орналастыру және жұмысты іздеу бөлімінде немесе eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы өзекті ақпаратты ала алады.