15 Желтоқсан 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Университет қызметкерлері әрқашан елеулі еңбегі, үлгілі жұмысымен көзге түседі.  Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған жиналыста салалық ведомство атынан марапат алған университет қызметкерлеріне алғысхаттар табысталды.Білім және ғылым саласын дамытуға үлес қоса отырып, өркендеу жолында адал еңбектенген қызметкерлерге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан Құрмет грамотасы мен Алғысхаттар табысталды.

Атап айтқанда, «Берел» баспасының шебері Жанар Бейсенбаева, университеттің сениор-лекторлары Нұржан Жұмаділов, Лаура Құсманова, бухгалтерлік есеп бөлімінің жетекші маман-бухгалтері Динара Әміренова және маман-бухгалтер Гүлнара Төлегенова министрдің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, қауымдастырылған профессорлар Светлана Колосова, Айнагүл Қадырова, Қуат Рахымбердин, Толқын Әбдірахманова, сеньор-лекторлар Айгүл Асубаева, Әйгерім Қамзина, ғылыми қызметкер Бауыржан Тұяқбаев, аға ғылыми қызметкерлер Дарын Байжан, Нұртөлеу Мағазов, құжаттамалық және заңдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әсел Чудобаева, комендант Әлия Нағайбаева, студенттік бөлім жетекшісі Гүлнара Қалиева министрдің алғысхатымен марапатталды.

Еске салсақ, таяуда ғана министр өңірге жұмыс сапарымен келіп, оқу ордамыздың ғылыми әлеуетімен танысып, облыс студенттеріне дәріс өткізген еді. Саясат Нұрбек мырза С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың елдегі ЖОО арасында көш басында келе жатқаны білімді студенттер мен білікті профессор-оқытушылар құрамы және университет қызметкерлерінің айрықша үлесі екенін атап өтті.