28 Желтоқсан 2023


БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

«Мейірімді жүрек» қозғалысының еріктілері, Жоғары колледж студенттері Өскемен қаласының №8 орта мектебінің оқушылары мен «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Жастар балаларға тәттілерден базарлық сыйлады. Айта кетейік, студенттердің мұндай қайырымдылық акциясы жыл сайын өткізіледі.


-Ерікті болу үлкен жауапкершілік. Мұндай белсенділік – әр адам үшін азаматтық міндет деп білеміз, – дейді студенттер.

Қайырымдылық акцияның соңында Өскемен қаласының №8 орта мектебінің әкімшілігі еріктілерге алғыс хат табыс етті.