28 Желтоқсан 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ БЕС ҚЫЗМЕТКЕРІ «ЖОО-НЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2023» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру бойынша республикалық байқау қорытындысы шығарылды. Бұл атаққа Химия кафедрасының сениор-лекторы Ақатан Қыдырмолла, Физика және технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Лайла Сулюбаева, Физика және технологиялар кафедрасының меңгерушісі Римма Сакенова, Физика және технологиялар кафедрасының профессоры Досым Ерболатұлы, филология ғылымдарының докторы Айжан Қартаева лайық деп танылды.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» – бұл оқытушылардың жоғары кәсібилігінің, олардың жаңашылдығының, педагогикалық және ғылыми қызмет әлеуетінің дәлелі.

Айта кетейік, жыл сайынғы байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты.