29 Желтоқсан 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ШКАФТАР ӘЗІРЛЕДІ

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасында және «TerraSport» фитнес-орталығында келушілерге интеллектуалды қызмет көрсету сервисін әзірлеп, қолданысқа енгізуде. Инновациялық әзірлеме идеясы әр келушіге жеке QR код пен Face ID идентификациясы арқылы пайдалануға мүмкіндік беретін ақылды шкафтардан тұрады. Әдеттегі кілттердің орнына адам биометриясының ерекшеліктері қолданылады. Бұл жоғары қауіпсіздік пен жұмыс процестерін автоматтандырудың кепілі. Тағы бір ерекшелігі басқа елдерде жасалған ұқсас жүйелерді экономикалық тиімді импортты алмастыруында жатыр.

Жас өнертапқыштар Рүстем Жұмабек, Мирас Екпінов, Аружан Ражапова және Жавохир Құрбаналиевтің айтуынша, жобалық кезеңнің барлық сатысында заманауи бағдарламалар мен өндіріс технологиялары қолданылған. Атап айтқанда, С++, С#, Python, Php, Java, MySQL.

Айта кетейік, жасанды интеллект жобасы ЖОО профессоры Бақытжан Көпжасаров пен IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің деканы Салтанат Адиканованың жетекшілігімен жүзеге асуда.