12 Қаңтар 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY ТАИЛАНД КОРОЛЬДІГІ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Тайланд Корольдігінің Метарат университетімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.


Құжат ПОҚ мен студенттердің академиялық және ғылыми алмасуын, біліктілікті арттыру курстарын, ғылыми-зерттеу практикасы мен тағылымдамаларын, бірлескен білім беру бағдарламаларын, академиялық кездесулер мен симпозиумдарды көздейді.


1999 жылы ашылған Метарат университеті – Таиландтағы ең үздік халықаралық университеттердің бірі. Оқу орнында ақпараттық технологиялар, менеджмент, технологиялық менеджмент және еркін өнер мектептері жұмыс істейді.

Айта кету керек, қазір С. Аманжолов атындағы ШҚУ әлемдегі 200-ден астам ЖОО-мен серіктестік орнатқан.