16 января 2024


СПАРТАКИАДА-2024: ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЖӘНЕ АРҚАН ТАРТЫС

Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі.Соңғы деректерге қарағанда, тоғызқұмалақтың шығу тарихы төрт мың жылдық кезеңді қамтиды.

Ал,бұл жолы университет ұжымы ұлттық тоғызқұмалақ ойынынан бақ сынады.Ұйымдастарушылардың айтуынша,ойынға сегіз команда қатысқан.

Тартысқа толы ойында бас жүлдені гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі иеленсе,екінші орынды жоғары колледж,үшінші орынды ректорат командасы иеленді.

Спартакиаданың  соңғы күні ұлттық ойынға арналды. Арқан тартыс-қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бақ сынасқан  университет ұжымы бұл жолы да ерекше ойын өрнегін көрсетті.

Нәтижеге тоқталсақ,алғашқы орынды әскери кафедра,екінші орынды педагогика жоғары мектебі,ал үшінші орынды  шаруашылық департаментінің өкілдерінен құрылған команда иеленді.