18 Қаңтар 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY АСУБҰЛАҚТА

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы Асубұлақ орта мектебінің бітіруші түлектерімен кездесті.
Кездесуге басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген қатысып, болашақ студенттермен еркін әңгіме өрбітті. Ал, түлектердің сауалына Мансап орталығының жетекшісі Жанель Болатқызы жауап берді.


– Бүгінгі кездесу ерекше әсер қалдырды. Университет жайлы барлық сауалдарыма жауап алдым. Осы университетті таңдап отырмын, – дейді Асубұлақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Мөлдір Кеңесханова.


Түлектердің ерекше ынтызарлықпен таңдауының бірден бір себебі – ректор гранты. Бүгінгі кездесудің басты жаңалығы да осы. Оқу жылының соңында мектепті үздік аяқтап, ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, оқ бойы озық шыққан Ұлан ауданының түлегіне ректор гранты мен атаулы шәкіртақы тағайындалады.
Сондай-ақ, бұл сапарда басқарма-төрағасы ректор Мұхтар Төлеген мектеп ұжымы мен Ұлан ауданы білім бөлімінің ұрпаққа білім берудегі абыройлы істерін атап өтіп, Ұлан ауданының білім бөлімінің басшысы Ринат Ерболұлына С. Аманжолов атындағы төсбелгіні табыстады.
Айта кету керек, С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Ұлан ауданының ынтымақтастығы ерекше. Қазір университетте Ұлан ауданынан келген студенттер ғылым мен білімде топ жарып жүр.