18 Қаңтар 2024


КУРАТОРЛАР МЕКТЕБІ

Жылда кураторларға арналған дәстүрлі кураторлар мектебі өткізіліп келеді.


Екі күнге созылған бағдарламада спикерлер кураторларға әртүрлі тақырып төңірегінде дәріс оқыды. Мектептің екінші күнінде “Жастар арасындағы лудомания, құмар ойындар және алдын алу”, “Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы” сынды тақырыптары көтерілді.


Айта кету керек, кураторлар мектебінің басты мақсаты – академиялық топ кураторларына әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету.