19 января 2024


ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ЖОО-да «Құқықтану» білім беру бағдарламасы түлектері полиция қызметкерлерімен кездесті. Мақсаты- университет қабырғасын аяқтаған соң,жұмысқа орналастыру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
Университет қонақтары студенттерге жұмыс жағдайлары, жалақы және үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат берді. Өскемен қаласы полиция басқармасы өкілдерінің ақпараты бойынша, лауазымдарға бұрын сотталмаған, орта білімнен төмен емес білімі бар, ҚР азаматтары қабылданады. Жұмыс берушілер тұрақты жалақыға, жеңілдіктерге, мансаптық өсуге кепілдік береді.


Айта кету керек, «Құқықтану» мамандығының түлектері жедел уәкілдердің, тергеушілердің, анықтаушылардың, учаскелік полиция инспекторларының, криминалистердің, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлардың, ЖҚАЖ қызметкерлерінің бос лауазымдарына «ҚР спорт шебері» немесе басқа да спорттық атағы болған жағдай да жұмысқа орналаса алады.